427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абайдың мерейтойына орай үш облыс сый жасады

  • 153
  • UPD: 10:56, 19.09.2020
Абайдың мерейтойына орай үш облыс сый жасады

Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Алматы, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстары сый жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың қаражатына Семейде балалар мен футбол алаңдары, демалыс орындары салынып жатыр. Сонымен бірге Абай атындағы алаң да жаңа кейіпке енді. Бұл жерде шамдар ауыстырылып, тас төсеніштер салынды. Қаладағы «Абай жолы» саябағы да абаттандырылады. Ол үшін Алматы облысынан 600 млн. теңге бөлінген. Демалыс орны осы айда пайдалануға беріледі.

Рафаэль Хазипов, учаске бастығы:

– Бұл жерге ағаштар егіліп, орындықтар қойылады. Бүгін веложолақты асфальттауға кірісеміз. Ені – 3 метр. Бұдан бөлек 350 шам орнатылады. 44 спорттық алаң мен 4 балалар алаңы салынып жатыр. Онда Абайдың ойлары жазылады. 

Хабар 24 телеарнасы