Қазақстандық режиссердің туындысы Оңтүстік Кореядағы деректі фильмдер фестиваліне қатысты
Оңтүстік Кореяда деректі фильмдер фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Көрермендер назарына қазақстандық Дмитрий Ли ағылшын тіліндегі картинасы «Belong» - «Менің тамырларым» деп аталатын туындысын ұсынды. Фильмде автор өзінің тарихи отанындағы өмір сүру тәжірибесі мен АҚШ, Испания , Украинадан келген шетелдіктердің бастан кешкен оқиғалары баяндалады. Фестиваль биыл сегізінші рет өтіп отыр. Оған 18 елден 51 фильм ұсынылған.
Дмитрий Ли, режиссер:
- Кореяға келгендердің көбі, өкінішке қарай, корей тілін білмейді. Мұнда мысалы, басқа елдердегідей ағылшынша сөйлеспейді. Кореяда корей тілін білмесеңіз, өте қиын. Сондықтан бірінші мәселе - тіл. Ал екіншіден, мәдени айырмашылық та бар.