Бүгін сағат 22:35-те «Хабар» телеарнасында «Соңғы үміт» телехикаясының премьерасы болады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұрын-соңды қазақ қоғамында «қарттар үйі» дейтін түсінік болмаған. Бертін келе әке-шешесінен безген безбүйректер пайда болды. Қарттар үйіне түскен қариялардың тағдыры әртүрлі. Туындының мақсаты – осындай қилы тағдырлар арқылы перзенттеріне әке-шешесінің қадірін білу керек дегенді түсіндіру. Ал, отбасындағы әкенің орны қандай? Шығармашылық ұжым осы сұраққа да жауап іздейді.