432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Junior Eurovision 2020: үміткерлер отандық әншілердің шеберлік сыныбына қатысып жүр

  • 132
  • UPD: 20:23, 22.09.2020
Junior Eurovision 2020: үміткерлер отандық әншілердің шеберлік сыныбына қатысып жүр

Junior Eurovision халықаралық ән байқауына берілетін жалғыз жолдаманы сарапқа салып жатқан 12 үміткер ақтық сынға қызу дайындалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар күн сайын дауыстарын жаттықтырып қана қоймай, отандық әншілердің шеберлік сыныбына қатысып жүр. Бұл жолы үміткерлер сұрағына «Топжарған» жобасының жеңімпазы Мәди Сыздықов жауап берді. Ол қатысушыларға ірі байқауларда үрейге бой алдырмай, ойдағыдай өнер көрсетудің жолдары жайында айтты. Еске салайық, Junior Eurovision халықаралық ән байқауына ұлттық іріктеудің шешуші кезеңі 26 қыркүйекте өтеді. Доданы «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.   

Мәди Сыздықов, «Топжарған» жобасының жеңімпазы:

– Рас, тума таланттар көп. Қазақ жері таланттарға бай ғой. Осалы жоқ ішінде. Бәр мықты. Өйткені 700 адамның ішінен іріктеліп шығу оңай емес. Бәрі бірінен бірі асып тұр. Алдағы уақытта бәріне жеңіс тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы