432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данэлия Тулешова America's Got Talent финалында өнер көрсетті

  • 172
  • UPD: 13:03, 23.09.2020
Данэлия Тулешова America's Got Talent финалында өнер көрсетті

Қазақстандық әнші Данэлия Тулешева Лос-Анджелесте өткен әйгілі America's Got Talent байқауының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүйім ел көз тіккен шоудың ақтық сыны 22 қыркүйекте NBC телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді.

Тулешева бұл жолы австриялық әнші Сианың Alive әнін өз мәнерінде орындап шықты. «Бұл өте күрделі шығарма. Дайындыққа уақыт аз болғанына қарамастан, тәуекел деп осы әнді таңдадым. Мені қолдап, ыстық лебіз арнаған барша жанға алғыс айтамын», деді өнерпаз.

Айта кетейік, байқаудың шешуші кезеңінде талайларды талантымен таңдай қақтырған 10 әнші бақ сынасты. Енді үміткерлерге тәулік бойы дауыс беріледі.  Жеңімпаздың есімі ертең белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы