432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Абай Құнанбайұлының шығармалары қырғыз тілінде жарық көрді

  • 108
  • UPD: 15:29, 23.09.2020
Абай Құнанбайұлының шығармалары қырғыз тілінде жарық көрді

Сондай-ақ «Манас» эпосының қазақ тіліндегі аудармасының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Манас» эпосын ақын және жазушы Баянғали Әлімжанов 67 күнде аударған, кітап 1000 дана таралыммен шықты. Сондай-ақ жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтып, этносаралық қатынастарды насихаттауға елеулі үлес қосып жүрген ассамблея мүшелерін «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» төсбелгісімен марапаттады.

Дархан Қыдырәлі, Халықаралық түркі академиясының президенті:

- Қырғыз тілінде шығып отырған алғашқы жинақ. Абайдың шығармалары 30-40 жылдары аударыла бастаған. Биыл 175 жылдығына орай Қырғызстанада Түрік академиясының бастамасымен жарық көрді. Түрік академиясы Баянғали Әлімжановтың аударуымен, жинақтауымен «Манас» дастанын қазақ тілінде шығарды. Абай талдамалы жинағы Бішкекте шығарылды.

Хабар 24 телеарнасы