428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан халқының 92,4% этносаралық ахуалды қолайлы және тұрақты деп бағалаған

  • 133
  • UPD: 00:09, 02.10.2020

Ал 89,2 проценті мемлекеттің елдегі этносаралық келісімді сақтау жөніндегі іс-әрекеттерін қолдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін Елбасының қабылдауында болған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев мәлім етті. Бұдан бөлек, кездесуде Таулы Қарабахтағы жағдай да талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев қақтығыстың ушығуына алаңдаушылық білдірді. Осы орайда Қазақстанға дос мемлекеттер арасында келіссөздерді бастаудың маңыздылығын атап өтті.

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін мерейлі жыл. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап халықтың бірлігі, қоғамдағы тұрақтылық пен келісім – елдің басты құндылығы болды. 25 жылдығын атап өтіп жатқан Ассамблеяның рөлі айрықша.

Таулы Қарабах мәселесі. Елбасы қақтығыстың ушығуына алаңдаушылық білдірді. Қазақстанның дос мемлекеттерінің арасында келіссөздерді бастаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл өңірдегі жағдайды тезірек тұрақтандыруға септігін тигізеді. Сонымен Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан мен армян диаспораларының Таулы Қарабахтағы әскери іс-әрекеттерді тоқтату жөніндегі бірлескен үндеуіне қолдау көрсетті. Бірлік пен келісім – біздің елдің бренді. Бұл тұста тұтас қоғамды біріктіріп отырған құрылым – Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы орасан. Елбасының қабылдауында Жансейіт Түймебаев этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік басқаруды реформалаудың және талдау жұмыстарының нәтижелері туралы баяндап берді.

Ассамблеяның қызметі белсенді. Әсіресе өңірлерде жүйелі жұмыстар қолға алынды. Кіші ассамблеялар біраз істің басы-қасында жүр. Жергілікті жерлерде көптеген достық үйі ашылды. Елбасы бейбіт өмірдің қадірін үнемі айтады. Себебі Қазақстанның әрбір жетістігі елдің ауызбіршілігімен байланысты.

Сыр өңірінде өзге этнос өкілдерінің үлесі 4 пайызға шамалас. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өңірде барлық этностардың ауызбіршілікте өмір сүріп, қоғамдық келісімнің нығаюына ықпал ететін түрлі шаралар ұйымдастыру үрдіске айналған. Соның бірі – шешен этномәдени орталығы.

Юсуп Саидов, облыстық шешен этномәдени  орталығының мүшесі:

– Облыста болатын мерекелердің барлығына қатысамыз, дәстүр, би, халыққа көрсетіп, халықты таныстырып, бесік тойы, тұсаукесер, сүндет той, қыз ұзатудың айырмашылықтары бар, дегенмен ұқсастық өте көп.

Шешен ұлтының өкілі Харон Исаевтың ата-бабасы Сыр еліне 1944 жылы күшпен жер аударылған. Онсыз да сұрапыл жылдары жүдеу отырған қазақ халқы кең пейілі мен мейірімділігінен айнымай, талай ұлтты жойылып кетуден сақтап қалды.

Харон Исаев, қала тұрғыны:

– Қазақ халқы солақай жүйенің ауыр талаптарына қарамастан, бір үзім нанымен бөлісіп, жетім-жесірге пана болды. Біздің ата-бабамыз осы Қызылорда өңірінде ұрпағын жалғастырды. Биыл Солтүстік Кавказ халқының қазақ еліне жер аударылғанына 75 жыл толып отыр.

Егемен ел өзара келісімнің өзіндік мәдениетін қалыптастарды. Енді сол берік бірліктің үлгісін өскелең ұрпаққа табыстаудың маңызы зор. Әуел бастан қазақстандық татулық пен келісімнің формуласын былайғы жұрт танып-білуге талпынған. Былтыр Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев Достық, бірлік және тұрақтылық – ел саясатының негізі өзегі деді. Қазақстанда этностардың құқығын шектейтін бірде бір заң жоқ деді. Бұл да біздің бір ерекшелік.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– Ассамблея құрылған күннен бастап, еліміздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы сарқылмас берекенің басталуы болып келеді. Көп этносты еліміздің басын біріктіретін әрқайсысының пікірінің ескеретін үлкен мінбер болып саналады. Бүгінде құрылым еліміздің татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі болып саналады.

Бірлікті бекемдеудің, келісімді нығайтудың бағыты дұрыс. Оған жүріп өткен жол, жеткен жетістіктер дәлел. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында құрылған Ассамблея уақыттың көшінен қалыс қалмай, бірге жасап келеді.

Авторлары: Дархан Әбдуахит, Айдос Ентебеков

Хабар 24 телеарнасы