428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ташкентте «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйі ашылды

  • 85
  • UPD: 10:27, 02.10.2020
Ташкентте «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйі ашылды

2020 жылғы 1 қазан күні «Отандастар қоры» КЕАҚ дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен бірлесіп, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму, ҚР Сыртқы істер министрліктерінің қолдауымен онлайнформатта Ташкент қаласында (Өзбекстан) «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйінің салтанатты ашылуын өткізді.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Еркін Үйсімбаев, ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің кеңесшісі Бауыржан Тоққұлов, «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығының төрағасы Серікбай Үсенов, Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің кеңесшісі Руслан Дүйсенов, сондай-ақ Өзбекстандағы қазақ қауымының өкілдері және т. б. қатысты.

Іс-шара аясында «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйінің тұсаукесері өтті. Сондай-ақ Өзбекстандағы қазақ қоғамдастығының мәдени, іскерлік және білім беру қызметін қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

«Отандастар қоры» КЕАҚ шетелде «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйлерінің желісін ашу жұмысын жалғастыруда. Өткен аптада Омбы қаласында (РФ) «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйінің ашылуы ұйымдастырылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін Бішкек (Қырғыз Республикасы), Берлин (Германия), Ыстамбұл (Түркия) қалаларында тағы 3 «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйінің ашылуы жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы