427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақконцерттің» мерейтойлық маусымашары «Хабар» арнасынан көрсетілетін болады

  • 77
  • UPD: 22:10, 05.10.2020

Ұлттық өнердің киелі ордасы атанған «Қазақконцертке» 60 жыл толды. Есімдері ел жадында қалған талай жұлдызды даярлап, қанат қақтырған ұйым биылғы маусымын мерейтойға арнап отыр.

Үлкен концерт пен бенефис-шоудан тұратын тың жоба музыка өнерінің барлық жанрын қамтиды. Қалың көрерменге ұйымның тарихы бастау алған 1960 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейінгі танымал әндер, жаңа туындылар ұсынылмақ. Қазір өнер ұжымының ауқымды мерекелік концерті түсіріліп жатыр. Олардың арасында Роза Рымбаева, Алтынбек Қоразбаев, Мақпал Жүнісова, Димаш Құдайберген сынды көптеген дарын иелері бар. «Қазақконцерттің» мерейтойлық маусымашары алдағы уақытта «Хабар» телеарнасынан көрсетілетін болады.

Жеңіс Сейдуллаұлы, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры:

- 60 жылдық мерейтойлық маусым ресми түрде ашылды. Сонау 1960 жылғы ашылған осы үлкен ұлы тұлғалардың арқасындағы, сол кісілердің бәріне жеке-жеке тоқталып, сол ұрпақтар сабақтастығы деп сол ұлы тұлғалар салған сара, дара жолды әрі қарай жалғастырып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы