429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаевтың адамзаттық құндылықтарды үйлестіру қабілетіне сенім арттым – Елбасы

  • 136
  • UPD: 10:14, 07.10.2020
Қ.Тоқаевтың адамзаттық құндылықтарды үйлестіру қабілетіне сенім арттым – Елбасы

Елбасы Н.Назарбаев Президенттік өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдамас бұрын болашақ ел басқарар азаматқа қажет қайраткерлік тәжірибе мен тағылым жайын ой тезіне тартып, зер сала қараған.

Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Абай аманаты» атты мақаласында жазды.

«Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап менімен бірге жұмыс істеген Қасым-Жомарт Тоқаевтың адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат екенін есепке алмағанда, оның елдегі ішкі жағдайды саралап қана қоймай, шығыстың да, батыстың да тілдерін меңгергендігін, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарғанын, әлемдік саясаттағы Қазақстанның орнын байыптай алатын дипломаттық қырын да ескердім. Сондай-ақ өзім айрықша мән беріп келе жатқан ел бірлігі мәселесі мен адамзаттық құндылықтарды үйлестіру қабілетіне сенім арттым», - деп жазды.

Өткен жылы Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойын ХХІ ғасырға қарышты қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі саяси, экономикалық және мәдени жетістіктері аясында атап өту туралы шешім қабылдағанына да тоқталды.

«Бұл – менің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларымда қойылған мақсаттарды жүзеге асырудың заңды жалғасы және Абай мұрасын заман сұраныстарына сай қайта зерделеудің маңыздылығын білдіреді», - деп жазды Н.Назарбаев.

Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласы жарық көрді.

Хабар 24 телеарнасы