432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Абайтанушы: Абай жолын сатылап тану керек

  • 133
  • UPD: 21:19, 07.10.2020

Абай арқылы қоғамдық тұтастықты, татулық пен бірлікті сақтауға болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөз құдіретін тану, иманды ояту, алға мақсат қоя білу және ұлт ертеңін ойлау сияқты құндылықтарды қадірлей аламыз. Елбасының «Абай аманаты» атты мақаласында осы тақырыптарға баса мән берілген. Белгілі абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызының пікірі осындай.

Алмахан Мұхаметқалиқызы, абайтанушы:

– Абайдың 44-ші қара сөзінде ел басқару үшін адамда екі түрлі мінез болу керек дейді. Бірінші қолында бар адам болу керек, екінші намысшыл бірлікшіл болу керек дейді. Ішіміздегі сұрақтарға жауап табу үшін біз кез келген сала бойынша Абайға сүйенуіміз керек. Абайдың достығы, тіпті Абайдың жауласуының өзінде керемет ұлылық жатыр.

Хабар 24 телеарнасы