429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Жібек» спектаклі Оңтүстік Кореядағы беделді халықаралық фестивальде ұсынылады

  • 90
«Жібек» спектаклі Оңтүстік Кореядағы беделді халықаралық фестивальде ұсынылады

«Жібек» спектаклі Оңтүстік Кореядағы беделді Daegu International Musical Festival (DIMF) ұсынылады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Қойылым 26-27 қазан аралығында фестиваль YouTube арнасында көрсетіледі.

«Жыл сайын Тэгу қаласында өтетін бұл шара Нью-Йорк музыкалық фестивалінен (NYMF) кейін театр сүйер қауым үшін ең маңызды мәдени оқиға. Ұйымдастырушылар әлемнің әр түкпірінен үздік мюзиклдерді таңдап, корей көрермендеріне таныстырады. Фестиваль бағдарламасында «Жібек» спектаклінен басқа 8 елдің мюзиклдері болды», – делінген мәдениет басқармасының хабарламасында.

Ғабит Мүсіреповтің (композиторы – Е.Брусиловский) «Жібек» мюзиклі мәңгілік махаббаттың қайғылы оқиғасы туралы баяндайтын қазақтың осы аттас эпопеясына негізделген. Қазақ халқының мәдениеті мен құндылықтарын бейнелейтін қойылымның режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай. «Қыз Жібек» лирикалық шығармасының жаңартылған нұсқасы «Жастар» театрының репертуарындағы ең жарқындардың бірі және фестивальдар мен байқауларда бірнеше рет марапаттарға ие болды.

 

Хабар 24 телеарнасы