428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Абай аманаты» мақаласының мемуарлық мәні қандай?

  • 81
  • UPD: 15:19, 08.10.2020

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласының мемуарлық, философиялық, тарихи-саяси мәні өте тереңде жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Профессор Дәрия Қожамжарова осындай пікірде. Елбасы 2012 жылы Түркістан қаласындағы жиында «Біздің діни-идеологиялық танымымыз Яссауиде, гуманистік көзқарасымыз Абайда, ал патриоттық тәрбиеміз Бауыржан Момышұлы шығармаларына негізделу керек» деген. Осы ойды негізге алған профессор, Елбасы мақаласында хәкім Абайдың ыстық қайрат, нұрлы ақыл һәм жылы жүрек идеясымен өмір сүруге үндеп отырғынын айтты. Сондай-ақ Дария Қожамжарованың пайымдауынша, бұл жазба ХХІ ғасырда өз білімі мен ғылымын дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетінін атап көрсетеді.

Дәрия Қожамжарова, М.Әуезов ОҚМУ ректоры, профессор:

- Бүгінгі Елбасы мақаласының тарихи құндылығы хәкім Абайдың ілімін тәуеліз елдің ұрпағына аманат ету. Қазақ халқының арғы-бергі тарихын зерделей отырып, халқымыздың көксеген арманы ел тұтқа болатын мемлекет құру идеясы ХХІ ғасырда хәкім Абай іліміменен қаруланған Елбасы саясатының өміршеңдігін айқындады.

Хабар 24 телеарнасы