429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда археологиялық жәдігерлер табылды

  • 91
Атырауда археологиялық жәдігерлер табылды

Атыраулық археологтар Қызылқоға ауданындағы Миялы қорғанынан, б.з.д 2-1 ғасырға тиесілі, Сармат жауынгерінің қаңқасын тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қабірдегі 2 метрлік табыттан ежелгі римдік стильдегі темір сауыты бар адамның сүйегі мен ұзындығы 1 метр қылыш шықты. Сондай-ақ ағаштан жасалған қалқан мен 40 дана жебе, темір және алтын жапсырмалар, ат әбзелдері, түрлі жоралғыға арналған табақша жауынгермен бірге жерленіпті. Енді құнды жәдігерге бастан-аяқ реставрация жасалады.

Марат Қасенов, археолог:

- Біз мұны қалпына келтірсек, сол кездегі 2000 жылдық ата-бабамыздың мәдениеті, тарихы, этнографиясынан үлкен мағұлмат береді. Бұл жәдігер Атыраудың ғана мақтанышы емес, Қазақстандағы тұңғыш жәдігер болып отыр.

Төлеген Жаңабайұлы, өлкетанушы:

- Жәдігердің табылуы бізді ерекше қуантады. Болашақта осындай жәдігерлер көбірек табыла берсін. Біз тарихымызды осы арқылы жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы