432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде «Әлем балалар көзімен» атты сурет көрмесі өтті

  • 63
  • UPD: 03:08, 10.10.2020
Ақтөбеде «Әлем балалар көзімен» атты сурет көрмесі өтті

«Әлем балалар көзімен». Дәл осындай тақырыппен Ақтөбедегі Өнер музейінде сурет көрмесі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндағы картинаның барлығын Батыс Қазақстан облысындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиленеушілері салған. Бүлдіршіндердің жұмысын көпшілікке көрсету бастамасын «Аялы алақан» қорының жетекшісі Рада Хайрушаева көтерген. Ол бірнеше жылдан бері ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды бейнелеу өнеріне тегін үйретіп келеді.  Енді өңірлік жастар ресурстық орталығы және волентерлермен бірлесіп, балалардың жұмысын республика аумағында көрсетпек. Осы мақсатта бүгін көрме Ақтөбемен қатар Ақтау, Түркістан және Шымкентте өтті.

Ардақ Бекниязова, облыстық жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары:

- Бұл көрменің негізгі мақсаты – денсаулығы болмаса да, осындай мүмкіндігі шектеулі балалардың дарындылығын, талантын көрсету. Яғни, олардың өмірге деген құштарлығын, өмірге деген жылы лебіздерін, тазалығын көрсету. Сосын мұндай жастардан көп нәрсені үйренуге болады. Рада Хайрушаеваның өзі де валонтер. Оның алдына қойған мақсаты – қазір республикалық деңгейде, алдағы жоспарында халықаралық деңгейде де осындай көрмені ұйымдастыру.

Хабар 24 телеарнасы