427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Берлинде «Құнанбай» фильмінің тұсаукесері өтті

  • 74
  • UPD: 18:56, 11.10.2020

Берлиннің ең ескі кинотеатрында «Құнанбай» тарихи көркем фильмінің тұсаукесері өтті. Оған неміс саясаткерлері, диаспора өкілдері мен студенттер қатысты. Бірақ көрсетілім барысында көрермендер маска тағып, бір-бірінен алшақ отырды. Режиссер Досхан Жолжақсынов түсірген туынды көптің көңілінен шығып, жоғары бағаланды.

Айта кетейік, фильмнің тұсаукесері Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің бастамасымен Абайдың 175 жылдығы аясында ұйымдастырылды.

Томас Гекле, ГФР экономика және энергетика министрлігінің бөлім басшысы:

- Мен Абай шығармаларымен таныс емеспін. Фильмді көруге келуімнің себебі де осы. Абайдың кітабын сыйға алдым. Жақын арада оқып шықпақ ойым бар. Жалпы туынды көңілден шықты. Қазақстан тарихымен танысып, байырғы қазақ халқы қалай өмір сүргенін, заң мен дәстүр олардың өмірінде қандай маңызға ие болғанын білдім.

Әлижан Мәми, студент:

- Фильм өте керемет. Шынымды айтсам, бір туындыдан осыншама әсер аламын деп ойламаған едім. Ол ұлттық мәдениетімізді тамаша көрсеткен. Басты рольді сомдаған актер Құнанбайдың образын әдемі алып шыққан. Қазақстанның дәл осындай көркем фильм түсіргеніне мақтанамын.

Хабар 24 телеарнасы