427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-дан он төртінші ғасырдың монетасы табылды

  • 71
  • UPD: 11:34, 13.10.2020
СҚО-дан он төртінші ғасырдың монетасы табылды

Солтүстік қазақстан облысына қарасты Уәлиханов ауданында орналасқан «Қызыл оба» қорымындағы қазба жұмыстары кезінде екі ересек адамның және екі баланың моласы табылды.

Сондай-ақ археологтар осы молалардың бірінен Алтын Орда дәуіріне тиесілі күміс ақшаны анықтаған. Бұл 14-ғасырға тиесілі жәдігер. Монеталарда арабша жазу бар. Және оның екінші бетінде 1337 жыл көрсетілген. Бұл сол кездегі қазақ даласын мекендеген халық ислам дінін ұстанғанын аңғартып отыр. Жалпы айта кету қажет, «Қызыл обадағы» қазба жұмыстары былтыр басталған. Екі жылда ғалымдар 700 шаршы метрден астам аумақты зерттеп үлгерді. Енді болашақта бұл жерді турситік орталыққа айналдыру көзделіп отыр. Ол үшін білім министрлігімен бірлескен жоба құру жоспарда бар.

Тимур Смағұлов, археологиялық экспедицияның жетекшісі:

- Табылған монеталарды танымал ресейлік нумизмат Павел Петров 14-ғасырдың 30-жылдарына тиесілі екенін дәлелдеді. Және ол Өзбек хан тұсында жасалынған екен. Жалпы осы Алтын Орда  дәуіріне қатысты деректер кітаптарда өте аз. Сондықтан алдағы уақытта осы жерден  әлі талай тарихтың жаңа беттері ашылатынына сенімдімін.

Хабар 24 телеарнасы