432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада осы аптада қандай қойылымдар мен көрмелер өтеді

  • 78
  • UPD: 17:47, 13.10.2020
Елордада осы аптада қандай қойылымдар мен көрмелер өтеді liter.kz

Қаланың мәдениет ошақтарында бірқатар концерт, көрме мен қойылымдар жоспарланған, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Келушілер арақашықтық пен маска тағу тәртібін қатаң сақтап, санитайзер қолдануы керек.

Тәуелсіздік сарайында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Династия Аканаевых», «Движение в пространстве» көрмелері өтеді.

14 қазанда сағат 11:00-де өнерсүйер қауым үшін «Стринг-арт лошадь» бейнесабағы жоспарланған. String art – «жіптер өнері», картонға немесе басқа қатты затқа жіппен кескін салудың графикалық техникасы. Шеберлік сағатын Instagram-дағы @tauelsizdik_sarayi сілтемесінен және Facebook-тен facebook.com/tauelsizdik.sarayi парақшаларынан көруге болады.

Nomad City Hall-да 15 қазанда сағат 19:00-де «Қыз Жібек» қойылымы, 17 қазан сағат 18:00-де «Мерекелік меню» өтеді.

«ЛЖИР мұражай-мемориалдық кешенінде «Алаш», «ЛЖИР мұражайының залына экскурсия жалғасуда.

Мемлекеттік академиялық филармония 13 қазанда сағат 19:00-де Ғ.Жұбанова атындағы ішекті квартет маусымының ашылуына арналған концерт өткізеді. Іс-шара «Астана Операда» өтеді.

15 қазанда сағат 19:00-де «Інжу-Маржан» онлайн-концерті және «Қорқыт» этно-ансамблінің концерттік маусымының ашылуы өтеді. Халық музыкасының білгірлері шараны Instagram: astana_filarmoniya, Facebook: astana.filarmoniya, YouTube: Нұр-Сұлтан филармониясы сілтемелері бойынша тамашалай алады.

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 14 қазанда кіші залда «Смешанные чувства» (мелодрама, Р.Бер), 15 және 16 қазанда «Смешные деньги» (Р. Куни, комедия) спектаклдері өтеді.

Айта кетейік, карантинге байланысты барлық концерт, қойылым мен көрмелер шектеулі көрермендер санымен өткізіледі.

Хабар 24 телеарнасы