432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде екі жылда 40 фильм түсіріледі

  • 131
Елімізде екі жылда 40 фильм түсіріледі

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 40-қа жуық фильм түсіруді қолға алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнша жоба үшін бұрын-соңды мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінбеген. Туындылардың кейбірін жыл соңына дейін дайындау жоспарланып отыр. Ал басым бөлігі келер жылы түсіріледі. Татарстан және Венгриямен бірлескен картиналар жарыққа шығады. Сонымен қатар Жеңіс құрметіне арналған бірнеше фильм әзірлеу көзделіпті. Дегенмен киноиндустрия өкілдерінің айтуынша, түсірілім жұмыстары мүлде тоқтаған емес. 

Айдар Баталов, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқармасы төрағасының орынбасары:

– Кинотүсірушілер коронавирус инфекциясына қатысты қалыптасқан қиын жағдайға қарамастан түсіністік танытты. Өздерінің өндірістік бюджетін қысқартты. Кейбір картиналарға кететін шығынды бес проценттен 20 процентке дейін азайтты.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының өкілдері кинотеатрлардың тезірек ашылғанын қалап отыр. Себебі коронавирус пандемиясы салдарынан бұл сектор миллиардтаған шығанға батқан. Жеті мыңнан астам адам жұмыссыз қалған көрінеді.

Хабар 24 телеарнасы