432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» арнасы ашылған күннен бастап телеоператорлар мектебі қалыптасты

  • 58
  • UPD: 20:38, 14.10.2020

«Хабар» арнасы ашылған күннен бастап телеоператорлар мектебі қалыптасты. Агенттіктің ақпарат бөліміндегі қайнаған өмір, тынымсыз тіршіліктің ортасында талай жас операторлар көріністерді сәтті таспалаудың қыр-сырын үйренді. 25 жылда көптеген маман абыроймен қызмет атқарып, алды зейнетке шықты. Орта буын өкілдері әлі де жастарға тәжірибелерімен бөлісіп келеді. 

Телевизияда кез-келген тілшінің сюжеті тартымды әрі сапалы шығуы оператордың жұмысымен тікелей байланысты. Өйткені көрермен оқиғаның қалай өрбігенін, оның немен аяқталғанын бірінші кезекте бейнекөріністер арқылы көріп біледі. Ал «Хабар» арнасы бұл салада өзіндік қолтаңбасын қалыптастырды.

Қайрат Атакелдиев, «Хабар» Агенттігі»  АҚ Алматы филиалының бас операторы: 

- Сол «Хабар» ашылғанда мені «Хабарға» шақырып аға оператор бол деп. Адамдар жина деді. Адамдар жинадым. Сол кезде  штатта біз 4 опер болдық. Екі осветитель, екі инженер.  8 адам сол кезде бастадық. Бір-бірімізді көрмейміз алты айдай командировкада жүреміз. Бүкіл  дүние жүзін аралап шықтық. Қазақстаннан бөлініп шыққанда бізде жәй бытовой камералар болды. ВХС деген. Сол заманда той түсіреді елдер. Жоқшылықтың несі сол ВХС-тармен бастадық.  

Жалпы телевизиядағы еңбек өтілі 35 жылға жуықтаған Қайрат Атакелдиев жылдамдық пен ептілік, тапқырлық пен төзімділік болмаса таспагер болу қиын екенін айтады. Көп жағдайда кадр сыртында қалып қоятын операторлардың еңбектері ерен. Кейде бастарын қатерге тігетін жағдайлар болады. 

Қайрат Атакелдиев, «Хабар» Агенттігі»  АҚ Алматы филиалының бас операторы: 

- Таскескен деген жерде боран басталып, жол жабылып сонда далада қалып қалғанбыз үш күн. Сонда деген енді бәріміз жаспыз. Жан-жаққа қараймыз енді мәшинеде бензині көпке жетпейді. Бір уақытта деген артқы капоты жұлынып кетіп, артқы лобовойы терезені шағып, мәшиненің іші толған қар. Саусағыңызды тартсаңыз саусағыңыз көрінбейді. Сондай қатты боран болды. 100 метр жүрейік 100 метрде таппасақ қайтадан бұрыламыз да мәшине жаққа қарай келеміз деп. Сонан кейін бардық та тура қойшының үйінен шықтық. Барып қарасақ есігінің алдында біраз көмір бар екен, отын бар екен. Бірақта үйінде құлпы тұр, ешкім жоқ.

Николай Кишенин, Хасен Омарқұлов, Еділ Ермекбаев, Қайрат Атакелдиев секілді операторлар Шешенстан мен Ауғанстан және Тәжікстанда болған қақтығыс кезінде де от пен оқтың ортасында жүріп, материалдар түсіргені бұл күндері тарих болып қалды. Сегіз адамнан басталған ұжым 80-ге жетіп «Хабар» арнасының алтын дәуірі басталды. Біздің операторлар әлемге әйгілі Би-Би-Си, СNN, ТРТ, каналдарына барып, шеберліктерін шыңдап, тәжірибесін толықтырып келді. Қазір еліміздегі көптеген арналардың бас операторлары осы «Хабардан» түлеп ұшқан жігіттер.

Мұхит Құдықбаев, «Хабар» Агенттігінің» операторы:

- «Хабарда» өзінің терезесін бүкіл әлемге ашты деп айтуға болады. Дәриға Нұрсұлтановнаның бастауымен. Ол  кезде 1995-96 жылдары  тәуелсіздігіміздің 4-5 жылы ғана болған. Алыс-жақын шетелге баратынбыз. Қазақстан деген елді ешкім білмейтін. Фром Қазақстан десең, Ауғанстан, Пакистан дейді. Жоқ, бірдеңе деп түсіндіресің. Әйтеуір қазір енді қазір сұрамай-ақ алыстан Қазақстан екенімізді танып жатыр ғой осы  25 жылдықта.

Эдуард Кон, «Хабар» Агенттігінің» операторы:

- Мен «Хабарға» 1996 жылы келдім. Студияда оператор болдым. Таңғы эфир «Сәлем, Қазақстан» бағдарламасынан басталатын. Тікелей эфирде. Одан кейін әр сағат сайын жаңалықтар болды. Студия операторы болуының қиындығы осында. Бәрі тікелей эфирде болғандықтан ештеңені монтаждай алмайсың. Сондықтан көптеген қызықтар болып жатты. Олардың бәрі де есте.   

Қазір ақпараттық технология мен техника қарыштап дамыған кезде бейнетаспаға түсіретін мамандардың да тынысы кеңейе түсті. Ал заманауи технологияны терең меңгеру үшін үздіксіз біліміңді жетілдіріп отыру керек дейді тәжірибелі мамандар.

Авторлар: Жандос Айтбайұлы, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы