427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жоғары оқу орындарында абайтану курсын оқыту қолға алынады

  • 91
  • UPD: 15:45, 15.10.2020

Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында еліміздегі ақын ескерткіштерінің қатары тағы бір мүсінмен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Семей қаласында «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» атты ескерткіш ашылды. Бұған дейінгі ескерткіштерде Абайдың жалғыз өзін бейнеленсе, бұл жолы қос ұлы Ақылбай және Тұрағұлмен тұрған сәті тасқа қашалған. Салтанатты іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі қатысып, шымылдығын ашып берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Еңселі ескерткіш жас ұрпаққа тағылымды ой салуға тиіс. Абай және оның сөзі мен ісін жалғаған парасатты перзенттері Абай мен Тұрағұл – елге үлгі боларлық перзенттер. Мұнда ұрпақ сабақтастығы, әке мен баланың сыйластығы бейнеленген. Бұл – Құнанбай әулетінің тектілігін танытатын туынды. Абай шаңырағындағы тағылымы – ұлт қалыптастыратын факторлардың бірі.

Биыл атаулы жылдың аясында өңірде ақынның атын ұлықтайтын бұдан да өзге бастамалар жүзеге асырылды. Семейдегі әуежайға Абайдың есімі берілді. Сондай-ақ Семей мен Жидебайдағы ақын мұражайы толық жаңартылып, кесенесінің айналасы абаттандырылды. Шетелдегі елшіліктер жанынан «Абай орталықтары» құрылып, Семей қаласына тарихи орталық статусы берілді. Ал елордадағы Еуразия Ұлттық университетінің жанынан Абай академиясы құрылды. Сондай-ақ бұдан былай жоғары оқу орындарында абайтану курсын оқыту қолға алынады. Бұл туралы Президент бүгін абайтанушылармен кездесу барысында айтып өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапары аясында жаңадан бой көтерген Қарағайлы шағын ауданы мен осы аудандағы спорт кешенін аралап көрді.

Хабар 24 телеарнасы