429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда Димашқа арналған тақырыптық үйлену тойы өтті

  • 78
  • UPD: 10:11, 16.10.2020
Қытайда Димашқа арналған тақырыптық үйлену тойы өтті

4 қазанда Гуанчжоу қаласында Димашқа арналған үйлену тойы өтті.

Қалыңдық – 2017 жылдан бері қазақстандық орындаушының жанкүйері. Болашақ жұбайымен бірге олар Қытайдың Чанше қаласында Димаштың алғашқы концертіне қатысқан.

«Үйлену тойында Димаштың әндері шырқалып, тамада жұбайым Мингпен бірге екеуміз туралы әңгімелерді көпшілікке айтып берді. Сол кезде менің «жалған жанкүйер жігітім» («fake fanboy») Димаштан Қытайға қайта келгенде ол маған видеоны жазып беруін сұрап, оны үйлену тойында қосуын ойлағанын, сол арқылы маған тосын сый жасамақшы болғанын айтты.

Өкінішке қарай, қазір Димаш Қытайға сирек келетін болғандықтан, бұл идея іске аспады. Бірақ соған қарамастан, маған Мингтің осындай тосынсый жасағысы келгені қатты әсер етті. Содан кейін мен оған қарап: «Иә, мен шынымен өзім күткен жанмен бас қостым», – деп ойладым».

Хабар 24 телеарнасы