429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қаламгер Ж.Шаштайұлының «Қызыл қар» романы жарыққа шықты

  • 107
  • UPD: 22:33, 16.10.2020

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бүгін Алматыда зиялы қауым өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақын-жазушылар жиналған жиында белгілі журналист, қаламгер Жұмабай Шаштайұлының «Қызыл қар» романының тұсаукесер рәсімі болды. Министр Аида Балаева авторды 70-жылдық мерейтойымен құттықтап, қазақ журналистикасы мен прозасындағы еңбегін ерекше атап өтті. Сөз өнерінің құдыретін жетік білетін қаламгерлер де замандастарын құттықтап, «Қызыл қар» шығармасының роман болып қайта басылып шығуын ерлікпен теңестірді. Себебі 1984 жылы повесть ретінде жарияланған бұл шығарма сол уақытта солақай саясаттың қатаң сыңына ұшыраған еді. Малшының баласы Жұмабай Шаштайұлы сол кезеңдегі шопанның өмірін шынайы суреттейді. Сападан гөрі, санға мән берген райком басшылығын әшкерелейді.  

Жұмабай Шаштайұлы, жазушы:

– Шыққан бетте, екі айдан кейін Қазақстан Компартиясының Орталық комитеті журналистердің жиынында туындыны сынады. Мал шаруашылығының қырылғанын жаман көрсеткен шығарма деді, содан кейін ол «Правдаға» шықты. Қанша жылдан кейін қайтадан қолға алып, роман қылдым.

Айгүл Ісмақова, филология ғылымдарының докторы, профессор:

– Жұмабай өтірік жазбайды, маңайында болып жатқан оқиғаларды, өзінің жолдастарын, өзі оқыған жерде болған шындықтарды жазып отыр.

Бұл – автордың «Біздің заманның Аяз биі», «Жаңғырық» романдарынан кейін шыққан үшінші романы. Таралымы 1000 дана болатын кітап еліміздің ірі кітапханаларына таратылады.

Хабар 24 телеарнасы