420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенат мәдениет мәселелері бойынша заң жобасын қарайды

  • 179
  • UPD: 15:12, 19.10.2020
Сенат мәдениет мәселелері бойынша заң жобасын қарайды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтті.

Онда депутаттар алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін талқылады және Мәжілістен келіп түскен заң жобасы комитеттерге бөліп берді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Бюрода кезекті Сенат отырысының күн тәртібі анықталды. Соған сәйкес 22 қазан күні сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарайды. Сондай-ақ Палата отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату, су қорғау белдеулері және жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да қарайтын болды.

Сонымен қатар Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заң жобасы комитеттерге бөлініп берілді. Соның нәтижесінде Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті «1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді.

Отырыс барысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев 23 қазан күні өтетін Парламенттік тыңдауға назар аударды. Тыңдау кезінде қатысушылар ауылдық аумақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелерін және олардың перспективаларын талқылайды.

Хабар 24 телеарнасы