423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әл-Фарабидің араб тіліндегі классикалық еңбегі қазақ және орыс тілдеріне аударылды

  • 180
Әл-Фарабидің араб тіліндегі классикалық еңбегі қазақ және орыс тілдеріне аударылды

Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің араб тіліндегі классикалық еңбегі қазақ және орыс тілдеріне аударылды, хабарлайды «Хабар 24».

Тұсаукесері таяуда өтеді. Бұл туралы «Жібек жолында өркениеттер үндестігі» халықаралық форумында айтылды. Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырған онлайн жиын ұлы ойшылдың 1150 жылдығына арналды. Форумға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов, Иран Ислам Республикасының Ғылым, зерттеулер және технология министрі Мансур Голами мен басқа да халықаралық ұйымдардың бас хатшылары мен кеңесшілері, фарабитанушылар қатысты. Бұл кездесу Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде өтуі тиіс еді, алайда қазіргі ахуалға байланысты онлайн форматқа ауыстырылды.

Дархан Қыдырәлі, Халықаралық түркі академиясының президенті:

– Бүгінгі жиынның бір маңызы Оңтүстік Кореядан бастап, Үндістан, Пәкістан, жалпы Қиыр Шығыс, Таяу Шығыс, Еуропа, Африка, 4 құрлықтың ғалымдары, 4 діннің өкілдері қатысады. Мұның өзі Әл-Фарабидің адамзатқа ортақ тұлға және үлкен өркениеттің негізін қалаған тұлға екендігін көрсетеді. Дініне қарамастан, тіліне қарамастан.

Хабар 24 телеарнасы