425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында кинотеатрлар мен спортзалдар ашылады

  • 138
  • UPD: 14:21, 22.10.2020
Маңғыстау облысында кинотеатрлар мен спортзалдар ашылады

Маңғыстау облысында алты айдан бері жабық тұрған кинотеатрлар мен жаттығу залдары жұмысын қайта бастайтын болды. 26 қазаннан бастап аймақтағы барлық кинотеатр санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, қайта ашылады.

Залдағы көрермен саны 30 проценттен аспауы тиіс. Сондай-ақ сауда ойын сауық орталықтарының сенбі күні жұмыс істеуіне рұқсат берілді.  Ертеңнен бастап фитнес орталықтар, жаттығу залдары мен спорт нысандары 30 процент сыйымдылықпен қайта ашылады. Ал осыған демалыс күндері тыйым салынған ойын-сауық орталықтары мен жабық базарлардың жұмысы сенбі күні қайта жанданады. Таңғы 9-дан кешкі 5-ке дейін рұқсат берілді. Киносүйер қауім үшін де жағымды жаңалық. Алайда қауіпті індеттің кең таралуына жол бермеу мақсатында бильярд, компьютер клубтарының жұмысы мен той және ұжымдық шараларды өткізуге салынған тыйым әлі де сақталады.

Хабар 24 телеарнасы