423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» Агенттігінің іргесі қалай қаланған?

  • 110
  • UPD: 20:49, 23.10.2020

Осыдан 25 жыл бұрын қазақстандық медианарықта жаңа «Хабар» Агенттігінің іргесі қалай құрылды? 23 жыл бұрын шырайлы Алматыдан, ызғарлы елордаға тілшілердің  қаншасы қоныс аударды?

«Хабар» Агенттігінің 25 жылдығы аясында телеарнаның іргесі алғаш қаланған жылдары қызмет еткен ардгерлерге бүгінгі тілшілердің құрмет көрсету жалғасуда.  

Ирак Қасымұлын танымайтын қазақ кемде-кем. Білікті заңгер, жауапты маман, халық қалаған депутат болды. Бірақ қоғамдағы өзекті проблемалар мен халықтың шынайы жағдайын тек телеарнада жүріп терең түсіне білдім дейді ол. 2012 жылдары «Хабар» Агенттігінің тікелей эфиріндегі «Көзқарас» бағдарламасын жүргізіп, 5 жыл тапжылмастан еңбек етті.  

Ирак Елекеев, «Хабар» Агенттігінің ардагер қызметкері:

- Мен Хабарға 65 жасымда келіппңн. 70-ті тойлап шығарып салды. Сол 5 жылда 800-дей хабар жүргіздім. Жартысынан көбі тікелей эфирде. Қызығы сол болды. 

Телеарна құрылғалы бері қызмет еткендердің бірі Тұрсын Идрисова. Бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінің режиссері. Эфирге талай тың туындылардың айна-қатесіз шығуына ықпал етті. Бүгінде үйде отырса да телеарнаның қыр-сырын әлі де жақсы біледі.

Тұрсын Сыздықова, «Хабар» Агенттігінің ардагер қызметкері:

- Біз 1996 жылы келдік, 1997-де Хабардың филиалы ашылды. Онда сенбейтін әлі Астана бола ма, жоқ па, желі мен аязынан қорқатын. Олар ойланып жүргенде біз филиалды ашып, біраз жұмыс атқарып тастадық. 

Роза Темірғалиева сол алғаш елордада ашылған орталық бюроның директоры болып қызмет етті. Ел парламенті мен үкіметінен қала берді Ақордадан ақпарат таратуға тікелей ықпал еткен. Хабардың  қарқыны қашанда қатты дейді ардагер маман.

Роза Темірғалиева, «Хабар» Агенттігінің ардагер қызметкері:

- «Хабар» сондай өткір болатын, ештеңеден именбейтін, тыңдамайтын. Жоғарыда өкілетті қызметте отырғандар қорқатын. Егер «Хабардан» кемшілігі көрсетілсе ертеңіне кресломен қоштасатын.  

«Хабар» Агенттігі ашылғалы бері арна сапында қызмет еткен Ағабек Қазанбайдың есімі көптің жадында «Хабар» арнасында еңбек еткен жылдары оның камерасына небір құнды дүниелер таспаланды. Телеарнаның арқасында әлемнің бірнеше елдеріне сапар шегіп, қызықты рептортаждар мен сюжеттер, фильмдердің түсірілуіне атсалысты. Ағабек Қазанбай оңтүстік телеоператорларының ұстазы. Оның шәкірттері бүгінде облыстық, республикалық арналарда жемісті еңбек етіп келеді. 

Ағабек Қазанбай, «Хабар» агенттігінің ардагер қызметкері:

- «Хабар» Агенттігі ашылғалы бері осы біз Қалыбек Атжан екеуміз тұңғыш ОҚО-да корпункт ашылғаннан бастап, біз бірге жұмыс жасадық қой. Содан Қалыбек Атжан, Ағабек Қазанбай Шымкенттен деген сюжет соңында айтылған сөйлемі арқылы біз Қазақстанға танымал болып кеттік. Сол Қайрат Атакелдиев, Николай Кешенин, Еділ Ермекбаев, барлығымыз бірге жұмыс істедік. Солардың маған берген тәжірибесі, көмегі арқылы мен сол «Хабар» Агенттігінде абыройлы жұмыс жасадым десем өтірік айтпаған болар едім.

Бүгінде «Хабар» тек ел ішінде емес, шетелдерге танымал медиа-брэндке айналды. Республиканың барлың өңіріннен өзге 20-ға жуық алыс-жақын шетелде тілшілер қосыны бар. Олар әлемдегі ақпаратты алғашқылардың бірі болып қазақ көрермендеріне жолдайды. Бүгінгі таңда «Хабар» Агенттігі» – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар тарататын төрт арнаның тоғысқан орталығы. Эфирдің 70 проценті телеарнаның төл туындысы. Осының бәрі сындарлы жылдарда арнаның негізін қалаған ардагер мамандардың қажырлы еңбегінің арқасы екенін бүгінгі жас тілшілер жақсы біледі. 

Авторлар: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Аян Сәрсенбаев

Хабар 24 телеарнасы