422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Степногорск қаласына инсталляция қойылды

  • 123
  • UPD: 09:29, 25.10.2020
Степногорск қаласына инсталляция қойылды

Ақмола облысының Степногорск қаласында экскаватордың инсталляциясы пайда болады. Оны шаһардағы кен өңдеу компанияларының бірі жергілікті тұрғындарға тарту етпек.

Айрықша нысанның құрылысы қазір қарқынды жүріп жатыр. Жұмыстар жоспар бойынша осы айдың аяғында аяқталуы тиіс. Ал алып техникаға қойылатын ескерткіштің биіктігі – 5, ұзындығы – 8, ал, ені 4 метрге жуықтайды. Ол толықтай дерлік металл конструкциясынан жасалады. Тек тұғыры ғана бетоннан болмақ. Ал нысанның айналасы абаттандырылып, тұрғындар демалатын саябақ та салынады. Қазірдің өзінде мұнда 100-ден астам көшет отырғызылған. Алдағы көктемде тағы осынша жасыл желек пайда болмақ. Осының бәріне алтын өндіретін жеке компания 25 млн теңге қаражат жұмсамақ.

Сергей Александров, алтын өндіретін компания өкілі:

- Біз қала тұрғындарына, нақтырақ айтсақ, жұмысшы қауымға деген құрметімізді білдіргіміз келеді. Компания бұл нысанды осы мақсатта тұрғызып жатыр. жоба бойынша инсталляцияның іргетасына да жасыл желек отырғызылады. Ал ол болашақта экскаватордың макетін көмкеріп тұрады. Осы арқылы біз экологияға да бей-жәй қарамайтынымызды білдірмекшіміз.

Хабар 24 телеарнасы