425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Кореяда «Қыз Жібек» мюзиклі онлайн көрсетілді

  • 120
  • UPD: 18:56, 27.10.2020
Оңтүстік Кореяда «Қыз Жібек» мюзиклі онлайн көрсетілді

«Жастар» театрының қойылымын екі күн бойы Корея тіліндегі субтитрлермен көруге мүмкіндік болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрсетілімі Тэгу қаласындағы халықаралық мюзиклдер фестивалі аясында өтті. Коронавирус пандемиясына байланысты шетел театрларының әртістері бұл жолы Кореяға келген жоқ. 9 шетел туындысын фестивальдің интернет-арнасында көрсетті. Ал кореялық 9 мюзикл сахнада қойылды. Алайда залдағы орындардың тек жартысына отыруға рұқсат етіліп, әлеуметтік арақашықтық сақталды. Жастар театры осыдан екі жыл бұрын Тэгу қаласында осы қойылымын көрсеткен болатын. Көрермендерге бұл мюзикл өте ұнап, ұйымдастырушылар оны тағы да көрсетуді шешкен.

Пэ Сонг Хёк, Тэгу қаласы халықаралық мюзиклдер фестивалінің атқарушы директоры:

- Маған «Қыз Жібек» мюзиклі өте ұнады. Қазақстан мен Оңтүстік Корея халықтарының жан толғанысы ұқсас деп ойлаймын. Кейіпкерлер арасындағы махаббат сезімін жақсы көрсетті. Қасіретпен аяқталған оқиғаны көрермендерге шебер жеткізе алды. Қойылымның желісі кореялықтарға ұнайды.

Хабар 24 телеарнасы