425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордалық жас отбасылар арасында үздік бейнеролик байқауы басталды

  • 235
  • UPD: 12:38, 29.10.2020
Елордалық жас отбасылар арасында үздік бейнеролик байқауы басталды

Нұр-Сұлтан қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасы жас отбасылар арасында «Отбасым - мақтанышым!» атты қалалық бейнебайқау басталғанын жариялады.

Қатысушылар келесі тақырыптарды қамтитын 5 минуттан аспайтын әлеуметтік бейнеролик түсіруі керек: отбасылық зорлық-зомбылық; балаларға және басқа отбасы мүшелеріне қатыгездік; жас отбасылардағы ажырасу; қоғамға қарсы өмір салты, құқық бұзушылық және жанжалдар; некелік рөлдердің теңгерімсіздігі, бір-бірін түсінбеушілік; алкоголь мен нашақорлық; әлеуметтік жетімдік - ата-ана міндеттерін орындамау.

Видео Instagram парақшасында #OtbasyBakytMekeni, #NSjastary, #Меніңотбасым, #Моясемья, #OtbasyBakytMekeni, #Отбасыммақтанышым2020 хэштегтерімен жариялануы керек.

Сонымен қатар сайысқа қатысушылар @ns_jastary және @elorda.otbasy Instagram парақшаларына жазылуы керек.

«Жеңімпаздарды іріктеу кезінде видеоның тақырыпқа сәйкестігі, шығармашылық жаңалығы, өзіндік ерекшелігі, дыбыс, бейне эффектінің болуы, көрермендердің эмоционалды қабылдауы ескеріледі», - деп түсіндірді ұйымдастырушылар.

Өтінім мен құжаттар (неке қиюды тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; телефон нөмірлері, тұрғылықты жері, әлеуметтік желілердегі парақшалар, отбасы мүшелерінің саны) elorda.otbasy@gmail.com электронды поштасына немесе +7 747 694 27 37 WhatsApp нөміріне «Отбасым - мақтанышым» белгісімен жіберілуі керек.

Байқау нәтижесінде 12 жеңімпаз отбасы анықталып, тұрмыстық техника мен электроника сатып алуға сертификаттар алады.

1 орын - 250 мың теңге;

2 орынға екі отбасыға 150 мың теңге;

3 орынға үш отбасыға 100 мың теңгеден.

Алты отбасына арналған ынталандыру сыйлықтарына 25 мың теңгеден беріледі.

Өтінімдер 16 қарашаға дейін қабылданады.

Хабар 24 телеарнасы