424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Франциядағы Луара өңірінің тұрғындары Абайдың шығармаларымен танысуға мүмкіндік алды

  • 118
  • UPD: 13:09, 30.10.2020

Індетке қатысты қабылданған қатаң шектеу шараларына қарамастан, қазақстандық делегация жергілікті билік пен университеттердің өкілдерімен кездесіп, кітаптарды сыйға тартты.

Жан Ғалиев, Қазақстанның Франциядағы елшісі:

- Мәдени мұрамыз және Абай шығармашылығымен жергілікті халықты таныстыру – біздің міндетіміз. Үлкен қызуғышылық танытқан Луара өңіріндегі университеттерге кітаптар сыйға тарттық.

Абай шығармаларының жинағын Париждегі баспахана аударып, Нормандияда басып шығарды. Оған Қара сөздер, 145 өлең және екі поэма кірді. Бұл туындыларын француз тіліне Ив Готье мен Кристина Зейтунян тәржімалаған. Қатаң шектеулерге байланысты бұл кітаптың тұсаукесерін өткізбей, жергілікті кітапханаларға жеткізе бастады. Тираждың бір бөлігін Швейцария мен Бельгияға да жіберді.

Хабар 24 телеарнасы