423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада алдағы демалыста қандай мәдени шаралар өтеді?

  • 176
  • UPD: 14:58, 30.10.2020
Елордада алдағы демалыста қандай мәдени шаралар өтеді?

Алдағы демалыс күндері қала тұрғындары мен қонақтары үшін мәдениет ошақтары театр қойылымдары, музыкалық премьералар, балет және көрмелер дайындады.

Барлық іс-шаралар санитарлық талаптарға сәйкес жүргізіледі.

31 қазанда сағат 18:00-де «Астана Операда» Лео Делибестің «Коппелия» комикс-балеті өтеді.

Тәуелсіздік сарайында 31 желтоқсанға сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған, «Династия Аканаевых» және «Движение в пространстве» көрмелерін тамашалауға болады.

«Жастар» театрында 31 қазанда сағат 19:00-де «Ты – зрачок глаз моих...» мюзиклінің премьерасы өтеді.

М. Горький атындағы орыс драма театрында 31 қазан сағат 11:00-де кішкентай көрермендерге «Аленький цветочек» ертегісі көрсетіледі. Көрсетілім әлеуметтік желілерде: youtube.cominstagram.com.

Орыс драма театрының кіші залында 31 қазанда сағат 18:00-де А.Касонның «Дикарь. Третье слово» мелодрамасы өтеді.

 

Хабар 24 телеарнасы