Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Парасат» оқырмандар клубында шығармашылық кеш өтті

  • 146
  • UPD: 14:57, 02.11.2020
«Парасат» оқырмандар клубында шығармашылық кеш өтті

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жағыру» жобалық кеңсесінің жанындағы «Парасат» оқырмандар клубы шығармашылық кеш ұйымдастырды.

Кеш ақын және дизайнер Жанна Бектемісовамен бірге астаналық ақын-жазушылардың қатысуымен өтті. Шығармашылық жиын атауы – «Елорда ақыны» шығармашылық кеші ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жобалық кеңсе халық арасында рухани байлықты арттыру, мәдени құндылықтарды  насихаттау мен кеңінен тарату жұмыстарын кеңінен насихаттауда. Аталған іс-шаралар аясында ақындық өнерді насихаттау жұмыстары  белсенді түрде жүргізіліп келе жатыр.

«Кештің негізгі тақырыбы – әдебиет саласындағы өзекті мәселелер және заманауи поэзияның жағдайын талқылау. Іс-шара ақындар мен олардың шығармаларымен танысу, сондай-ақ «Парасат» оқырмандар клубы аясында болашақ жоспарлар мен кездесулерді талқылау мақсатында өткізілуде», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Кеш жүргізушісі Балнұр Қызырбекқызы – «Әдебиет порталы» интернет-жобасының шығарушы редакторы, «Интеллектуалды әңгіме» бағдарламасының авторы. Шақырылған қонақ, Қазақстан мен елордадағы иллюстраторлар қауымдастығының негізін қалаушы Мирра Котовская «Artcraft School» мектебінің иллюстраторы, дизайнер, кітап иллюстрациясының оқытушысы, «Meet&Sketch Astana» скетч-кездесулерінің ұйымдастырушысы.

Хабар 24 телеарнасы