424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлылар үндестігі: Науаи мен Абай

  • 86
  • UPD: 16:03, 03.11.2020

Ақын Абайдың 175 жылдығы аясында ағартушының өзбек тіліне аударылған шығармалары мен шығыстың ғұлама шайыры Әлішер Науаидің қазақ тілінде жарық көрген «Хамса» атты кітабы таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұсаукесер рәсіміне Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Өзбекстанның Олий Мәжіліс Сенатының төрайымы Танзила Нарбаева, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің Қазақстандағы елшілері, депутаттар мен ақын-жазушылар қатысты. Зиялы қауым өкілдері қазақ пен өзбек әдебиетінің тұтас түркі жұрты үшін маңызы зор екенін айтты.

Несіпбек Айтұлы, ақын:

– Мені Әлішердің аудармашысы деп шақырып отыр. Әлішер Абайдың табынған шығыс ақындарының ішіндегі бір шоқтықты өзі сыйынған ақын. Абайды Әлішердің шәкірті деуге болады. Мен Әлішерді аударғаныма дәлірек айтқанда 30 жылдан асты. «Хамсаны» Әлішер тұңғыш рет парсы тілінде жазып жүріп, мен түркі тілінде жазғамын.

Хабар 24 телеарнасы