424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чили музыканты Димаш әндерін испан тілінде орындап жүр

  • 79
  • UPD: 10:16, 04.11.2020
Чили музыканты Димаш әндерін испан тілінде орындап жүр

Джонатан Доносо – талантты вокалистердің бірі. Оның Димаштың әндерін испан тілінде орындап, тыңдармандарға кавер арқылы жеткізіп жүргеніне бір жылдан асты.

Осылайша ол өнерде тілдік кедергінің жоқтығын дәлелдеп, қазақстандық орындаушының шығармаларынан шабыт алып жүр.

Джонатан бір жылдан астам уақыт бұрын Youtube желісінде Димаштың «S.O.S» әнін қалай орындағанын көрген. Өзінің айтуынша, осы сәттен бастап оның өмірі түбегейлі өзгерді, деп жазады dimashnews.com.

Осыдан кейін Джонатан қазақ ұлы Димаштың шығармаларын қалт жібермей қадағалап отырды. Жаңа әндерін тағатсыздана күтуді әдетке айналдырды. Оның әндеріне кавер жасауға құштарлығы оянды. Шығарманы қайта орындау ғана емес, әннің мәтінін испан тіліне аударып орындауды қолға алды.

«Әнді тыңдаған кезде мен оның мағынасын түсінбеймін, өйткені басқа тілде. Бірақ ол маған қатты ұнап, бір әрекет жасауға белгі бергендей болды. Бұл сезім Димаштың «Give Me Love» әнін тыңдаған кезде пайда болды. Әннің әуені қатты әсер етті де бірден аудармасын іздедім. Аудармасы тіпті таң қалдырды. Мәтін менің басыманан өткен қиын кезеңдер мен ойларымды сипаттағандай болып, бірден кавер жасаймын деп шештім», – дейді вокалист.

Джонатан әннің аудармасының үш нұсқасын тауып, испан тілінде әдеби мәтін жазды. Осыдан кейін өзінің алғашқы шығармасын орындап, вокалист оны Smule және YouTube-ке жүктеді.

Бүгінде чилилік әнші Димаштың әндерінің Латын Америкасына таралуына ықпал етіп жүр.

Хабар 24 телеарнасы