422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Халықаралық онлайн конференцияда Әл-Фараби ілімінің заманамен үндестігі талқыланды

  • 81
  • UPD: 10:42, 05.11.2020

Әбу Наср Әл-Фарабидің Кәрі құрлық мәдениеті пен ғылымына қосқан үлесі ғұламаның 1150 жылдығына орайластырылған халықаралық онлайн конференцияда кеңінен талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дайындалған дәріс Еуропа мен Азияны жалғастырған көпір іспеттес болды. Іс-шараға Цюрих, Вена, Рим, Мюнхен университеттері және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері мен профессорлары қатысты. Конференция Швейцариядағы Қазақстан елшілігі және еліміздің Вена, Берлин мен Римдегі дипломатиялық өкілдіктерінің қолдаумен ұйымдастырылды.

Жанат Эрнст, тілші:

– Әбу-Насыр әл-Фарабидің Еуропа ғылымы мен мәдениетіне қосқан үлесі Қазақстан Швейцария, Австрия, Германия мен Италия ғалымдарының басын бір ортаға біріктірді. Олар Шығыстың ұлы ағартушысы қалдырған мұраның маңызы мен рөлін талқылап, өз ойларымен бөлісті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаевтың айтуынша, ғұлама ғалымның 1150 жылдығын ЮНЕСКО көлемінде тойлау көптеген елдің әлеуметтік саяси жаңғыру жолындағы маңызды сәті.

Бекжан Мейірбаев, Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ Әл-Фараби орталығының директоры:

– Біз Әл-Фарабиді неге өркениет философы, «Екінші ұстаз» деп атаймыз. Өйткені антикалық бастауларды Еуропаға қайта алып келу ең алдымен осы Әл-Фарабидің философиялық, жаратылыстану ізденістерімен байланысты. Еуропалықтар өздерінің тарихи бастамасына Әл-Фарабидің түсіндірмелері, оның ізденістері арқылы қайтадан айналып келді. Сондықтан еуропалық қайта өрлеу басқаша «ренессанс» деп айтамыз, біз оны пайда болу алғышарттарының бірі – жалпы араб-мұсылмандық ренессансқа, оның ішінде Әл-Фарабидің еңбектерімен тығыз байланысты.

Михаэль Шепман, Цюрих университетінің ректоры:

– Әл-Фарабидің ілімі түрлі елдер арасындағы ғылыми ақпаратпен алмасудың бұрынғы заманнан келе жатқан тәжірибе екенін көрсетеді. Мен философтың мұрасымен мұқият танысып шықтым. Әл-Фараби мәдениаралық қатынас әрдайым интелектуалды әуесқойлық пен шығармашылықты дамытатынын дәлелдей білген.

«Рим Университінің» профессоры Рудигер Лолкер Әл-Фарабидің музыкалық терапиясының маңыздылығына тоқталса, Қазақ ұлттық университетінің деканы Әлия Масалимова ғұламаның «Ғылымдар классификациясы» мен «Азаматтық саясат» атты екі еңбегін ерекше атап өтті.

Әлия Масалимова, философия ғылымдарының докторы, профессор:

– Әл-Фараби Батыс пен Шығысты байланыстырған философ болып табылады. Әрине, бүгінгі дәрісімде мен негізгі үш мәселені айтайын деп отырмын. Бірінші Әл-Фарабидің тарихи уақытысына, контексіне байланысты. Екінші бөлік Әл-Фарабидің үш негізгі трактаттарына байланысты. Ол классификация, жалпы «Большая книга музыки» және «Гражданская политика» атты трактаттарына тоқталамын.

Ульрих Рудольф, Цюрих университетінің профессоры:

– Әлия Масалимованың дәрісінде айтылғандай, 21 ғасырдың жаңа гуманистік философиялық құндылығын бағалауда ойшыл әл-Фарабидің қалдырған мұрасы әрдайым өте маңызды рөл атқаратын болады. Мәселен, оның ақыл-парасат жөніндегі ілімі әлемді жақсарту жолында ерекше орын алған модельге айналды.

Алибек Бакаев, Қазақстанның Швейцариядағы төтенше және өкілетті елшісі:

– Бұл халықаралық дәріске Швейцариямен Қазақстаннан басқа, Еуропа кеңесінің елдері қатысқан. Оның басты мақсаты – әл-Фарабидің Еурапаға қосқан үлесі қандай екенін көрсету. Мұндай шараларды коронавирус індетіне қарамастан келесі жылда елшіліктің бастамасымен әр түрлі салаға арнап жалғастыруға жоспарлап отырмыз.

Жалпы халықаралық бейнеконференция Қазақстан мен Еуропа елдерінің ғылыми аудиториясының қызығушылығын тудырды. Бұл ұлы Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінің Еуропа, араб және түркі әлемінің ғылымы мен мәдениетін дамытудағы айнымас құндылығын тағы да дәлелдейді.

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Хабар 24 телеарнасы