424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада Абайдың 175 жылдығына арналған концерт өтті

  • 74
  • UPD: 23:18, 04.11.2020
Елордада Абайдың 175 жылдығына арналған концерт өтті

Елордада «Бір жерде бірге жүрсең басың қосып» деген атаумен концерт өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мерекелік іс-шара Абайдың 175 жылдығына арналды. Концерт аясында Астана Опера театрының сахнасында алғаш рет белгілі композитор Төлеген Мұхамеджановтың Абай өлеңдеріне арнап жазған вокалды циклы орындалды. Өнер кеші барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды. Көрермен санына шектеу қойылып, әлеуметтік арақашықтыққа мән берілді. Театр ғимаратында 8 қараша күні «Абай» операсының кейіпкерлері атты көрме ашылады.

Хабар 24 телеарнасы