423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Көзімнің қарасы» спектаклінің премьерасы өтті

  • 73
  • UPD: 23:54, 05.11.2020
Елордада «Көзімнің қарасы» спектаклінің премьерасы өтті

Елордада Абайдың 175 жылдығына арналған мәдени шаралар жалғасып жатыр.

Бүгін Жастар театрында белгілі режиссер Нұрқанат Жақыпбайдың «Көзімнің қарасы» спектаклінің премьерасы өтті. Бас кейіпкерлер Абай мен Тоғжанның бейнесін Шыңғыс Жақыпбай мен Ләззат Қуанышева сомдады. Туындыда бір-бірін шын ұнатқан қос ғашықтың оқиғасы баяндалады. Қойылым барысында Абайдың «Көзімнің қарасы» әнінен бөлек «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Айттым сәлем, Қаламқас» сынды музыкалық шығармалар да шырқалды.

Хабар 24 телеарнасы