419,45 505.95 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақ баспа ісінің 100 жылдық мерейтойына орай олимпиада ұйымдастырылды

  • 171
Қазақ баспа ісінің 100 жылдық мерейтойына орай олимпиада ұйымдастырылды

Биыл қазақ баспа ісіне 100 жыл.

Осы айтулы мерейтойға орай халықаралық пәндік олимпиада ұйымдастырылды. Бұл бәсекені қабылдау құрметі елордадағы Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-ға бұйырды. Байқау онлайн форматта жалғасуда. Қатысушылар 3 кезеңнен тұратын сынақтан өтіп, өзара мықтыны анықтайды. Айта кету керек, дәстүрлі олимпиада биыл алғаш рет халықаралық деңгейде өтіп жатыр. Яғни баспа ісі мамандарын дайындайтын қазақстандық университеттерден бөлек көрші Ресей елінің ЖОО да қызығушылық танытқан. Нәтижесінде биыл бұл жарысқа 10 команда қатысады.

Қайрат Сақ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы:

– Бұл олимпиада студенттеріміздің білім құзыретін дамытуға, екіншіден, біліктіліктерін арттыруға, сонымен бірге мамандыққа деген машықтарын қалыптастыруға және бір-бірімен байланыста болуға, жаңа жобаларға ұйытқы болады деп отырмыз. Сондықтан олимпиададан күтеріміз көп.

Хабар 24 телеарнасы