422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық «Базар жоқ, Мексика» кинокомедиясы көрерменге жол тартты

  • 84
  • UPD: 22:22, 10.11.2020

Kinopark &Kinoplexx Theatres-кинотеатрлар желісінде отандық «Базар жоқ, Мексика» фильмінің премьерасы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Барлық санитарлық талапты сақтаған кинопарк залында көрермендер, актерлармен бірге Мексикаға сапар шегіп, қызықты оқиғаға куә болды.

Ауылдық жас дәрігер-Ерлан Мексикада білім алып жүрген ғашығын іздеп досымен бірге Акапулька қаласына ұшып барады. Фильмде басты рөлдерді ойнаған – Асқар Ілиясов, Олжас Абай және Қажет Смағұл тілі мен діні басқа, танымы бөлек елде түрлі қызықты оқиғаларға тап болады. Дегенмен алған бағытынан қайтпайтын қазақтар Мексиканың қалаларынан бастап ерекше жерлерін де аралап қайтады. Әрине, әлемдегі ең көп қылмыс тіркелетін елде кино түсіру өз алдына, ал жыландардың арасында жүріп, олардың асханасынан тамақтану оңай болған жоқ дейді түсіру тобының өкілдері. 

Қажет Смағұл, актёр:

– Қатты қиналдық. Өйткені, ол жақтың тамағы мүлдем басқа. Олар шемішкенің майына емес, тамақты жүгерінің майына пісіреді. Дәмі өзгеше. Бір жағымсыз иіс шығып тұрады тамақтарынан.

«Базар жоқ, Мексика» комедия жанрындағы фильмі кинорежиссер Жеңісхан Момышевтың шетелде түсірген алғашқы туындысы емес.

Жеңісхан Момышев, кинорежиссер:

– Мексикада бір ай түсірдік. Барлық түсірілім тобы Қазақстаннан барды, қалғаны Мексикадан қосылды. Бірінші критерий бойынша, біздің командада ағылшын тілін білу керек. Сондықтан бізге сөйлесу, тіл табысу, жұмыс істеу өте оңай.

Махаббат, достық тақырыбында түсірілген фильм кешелі бері еліміздегі барлық Kinopark &Kinoplexx Theatres-кинотеатрлар желісінен көрсетіле бастады. Ал мұнда киноны алаңсыз көру үшін барлық сақтық шаралары қарастырылған.  

Авторлары: Алуа Маханбет, Әбен Нарымбаев

Хабар 24 телеарнасы