425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда белгілі археологқа арналған конференция өтті

  • 57
  • UPD: 23:02, 12.11.2020
Алматыда белгілі археологқа арналған конференция өтті

Ерте және орта ғасырларда Қазақстан үлкен қала мәдениетінің ошағы болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлы Жібек жолы мыңдаған жылдар бойы түрлі діндер арасындағы толерантты қарым-қатынастың үлгісін көрсеткені тарихтан мәлім. Мұндай ғылыми тұжырымды тарихшы ғалым, академик Карл Байпақов өз зерттеулерінде деректермен келтіреді. Ғалымның көп жылғы ізденісіне арқау болған бұл тақырып әлі де өзекті. Бүгін Алматыда белгілі тарихшы-археолог Карл Байпақовтың 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ауқымды жиында ғалымдар бірнеше ғасыр бұрынғы мәдениетаралық, конфессияаралық диалог және діндер тарихына қатысты зерттеулердің маңыздылығы артып отырғанын атап өтті. «Бұл қазіргі әлемдегі геосаяси үдерістерді түсінуге негіз болмақ», – дейді ғалымдар.

Арнабай Нұржанов, Ә. Марғұлан атындағы археология институтының бас ғылыми қызметкері:

– Осыдан 12-13 ғасыр бұрын бір қаланың өзінде бірнеше діннің өкілдері тұрған. Ортағасырлық мәдениетті зерттей отырып біз қазіргі өмірімізді осымен байланыстыруымыз керек. Біздің болашағымыз да осындай. Археологиялық ескерткіштер арқылы осының бәрін көріп отырмыз. Міне, Карл Молдахметұлы көбіне осымен айналысқан. Осындай мәдениеттің Жібек жолы арқылы басқа мемлектетерге тарауын үлгі етеміз.

Хабар 24 телеарнасы