424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жазушы, аудармашы Герольд Бельгерге ескерткіш тақта қойылды

  • 94
Жазушы, аудармашы Герольд Бельгерге ескерткіш тақта қойылды

Бүгін Алматыда жазушы, аудармашы Герольд Бельгерге ескерткіш тақта ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл үйде қаламгер өмірінің соңғы 40 жылын өткізген. «Ұлтым неміс болса да, жүрегім қазақ» деп өткен жазушы, қазақ қаламгерлерінің 200-ге тарта шығармасын орыс және неміс тілдеріне аударды. Ол 70-тен астам прозалық, зерттеу, әдеби-сын кітаптардың авторы. Рухани бірлікті, ұлтаралық татулықты өмірлік ұстанымы еткен жазушының қоғамдық мәселелерге қатысты білдірген ойлары қай кезеңде де құндылығын жоймайды дейді қаламгерлер.

Мереке Құлкенов, қаламгер-журналист:

– Қазақ жазушыларының ішінде өзінің библиографиясын жасап кеткен, өзінің өмірбаянын жасап кеткен, шығармасын тізімдеп, қаттап-шоттап кеткен бір адам болса, ол – Герольд Белгер. Оның «Қазақ дәптері» деген кітабы бар. Онда қазақтың мәдениетін, тілін, жандүниесін керемет ашып көрсеткен. Бельгер қазақ үшін жөні бөлек, сіңірген еңбегі де ұшан теңіз.

Хабар 24 телеарнасы