424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да Абай алаңы ашылды

  • 120
ШҚО-да Абай алаңы ашылды

Шығыстағы Күршім ауданында Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай алаң ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алаңның қақ ортасына хакімнің алып ескерткіші қойылды. Қоладан құйылған ақынның сұлбасының жалпы биіктігі – 6 метр. 10 мыңнан астам тұрғыны бар аудан орталығында бұрын ұлы Абайдың есімі берілген бірде-бір нысан болмаған. Сондықтан жалпы аумағы бірнеше гектар болатын орталық алаңға Абайдың есімі берілді.

Ал саябақ толық абаттандырылып, жан-жағына жарық қойылды. Бұл болашақта түрлі мәдени шараларды  түнде де өткізіп, халықтың емен-еркін серуендеуіне де мүмкіндік береді. Сондай-ақ алаңның әр жеріне  музыкалы субұрқақ орнатылды. Ұзындығы 20, ені 10 метрлік су бұрқақты салуға аудандағы кәсіпкерлерде қол ұшын берді.

Биыл Күршім ауданы орталығында 4 көшенің жолы толық жөнделіп, абаттандырылды. Бұл жұмыстардың бәрі шекаралық ауданды дамыту бойынша атқарылды. Ал аудандағы жалпы елді мекендердің инфрақұрылымын жөндеуге биыл 5 млрд-қа жуық теңге бөлінді.

Қасен Зәкәрия, ақын:

– Мұның бәрі халық үшін, кейінгі ұрпақ үшін. Ескерткіштің, алаңның үгіт-насихат, идеологияға маңызы өте зор. Біз негізі сөзімізді Абаймен бастап, ұрпақты Абаймен тәрбиелесек, келешекте ұтылмайтынымыз хақ.

Хабар 24 телеарнасы