423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттегі өзбек драма театры XVIII маусымын ашты

  • 56
  • UPD: 15:07, 19.11.2020

Биыл театр ғимараты жөндеуден өтті.

Жарты жылға созылған қайта қалпына келтіру кезінде де әртістер дайындықты үзген жоқ. Нәтижесін жаңа маусымның ашылуына келген көрермендер бірден байқады. «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында өткен театрдың концерттік бағдарламасында үздік қойылымдардан үзінділер көрсетілді. Салтанатты  шараға қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан арнайы қатысты.

Театрландырылған концерттік бағдарлама санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді. Көрермендер театр залында арақашықтықты сақтай отырып, сахналық қойылымдардан үзінділер тамашалады. Өнерсүйер қауымның  көңілінен шығу үшін әртістер әуелете ән салып, мың бұрала би биледі.

Мамлакат Рахманшикова, көрермен:

– Театрға келгенді ұнатамын. Осы санаттағыларды өзім құрметтеймін. Ұжымға жақсылық тілеймін. Әлі де талай спектакль қоюларына тілектеспін.

Театр ғимаратының іргетасы 1974 жылы қаланған. Бұл – республика көлеміндегі жалғыз өзбек театры. Репертуарында 50-ден аса қойылым бар. Қазір онда 50-ден астам маман жұмыс істейді.

Шыңғыс Мұқан, қала әкімінің бірінші орынбасары:

– Мәдени шаралардың оффлайн өткені жақсы. Себебі адамдар көреді. Шымкенттегі «ТМД елдерінің мәдени астанасы» жобасын биыл аяқталып, Душанбе қаласына ұсынамыз. Қаланың 5 жерінде мәдени бағыттар бойынша Шымкенттің өнерпаздары халыққа өнер көрсетеді.  

Мәдениет үйіне 2020 жылы қалалық бюджеттен 129 807 теңге, оның ішінде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 32 884 мың теңге бөлген.

Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан жөндеуден өткен ғимаратты көріп, театр ұжымымен кездесті. Осы ошағына еңбегі сіңген бұрынғы басшы Икрам Хашимжановты зейнеткерлікке шығуымен құттықтады.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы