422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жайдарбек Күнгіжінов «Томирис» фильміндегі трюктері үшін каскадерлер «Оскарын» алды

  • 86
  • UPD: 21:56, 22.11.2020
Жайдарбек Күнгіжінов «Томирис» фильміндегі трюктері үшін каскадерлер «Оскарын» алды

«Томирис» фильмінің актері Әлемдік каскадерлер академиясының «Таурус» сыйлығына ие болды.

«Таурус» біздікі! Сіздермен үлкен қуанышымызбен бөлісуге асықпыз: «Томирис» фильмі Әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) «Таурус» сыйлығын жеңіп алды.

Бұл – каскадерлердің «Оскары» саналатын жоғары марапат.

Тұңғыш рет еліміздің тарихында қазақстандық фильм «Шетелдік фильмдегі трюктер қойылымы» номинациясында үздік деп танылды.

Nomad Stunts-қа сенгендеріңіз үшін және қолдауларыңыз үшін көп рахмет! Ақан Сатаев пен «Томирис» фильмінің командасына алғысымызды білдіреміз», – деп жазылған Nomad Stunts тобының Facebook-тегі парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы