424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістандағы тайқазан жаңа келбетке енді

  • 63
Түркістандағы тайқазан жаңа келбетке енді

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі тарихи тайқазан жаңа келбетке енді.

Енді Үлкен қазанның айналасында орта ғасырлардағы рухани көшбасшылардың есімдері жазылған 10 лауха тұрады. Ғалымдардың деректеріне сүйенсек, бұл тайқазан маңында ХХ ғасырдың ортасына дейін лаухалар болған көрінеді. Ал 1935 жылы тайқазанды Санкт-Петербордағы көрмеге алып кетіп, кейіннен қайта әкелгенде ілеспе бөлшектерсіз оралған. «Құнды жәдігердің жоғалғаны көңілге қаяу түсіретін еді», – дейді тарихшылар.

Дегенмен мұражай басшылығының бастамасымен Әзірет Сұлтан кешенінде лаухалар қайта жаңғыртылып, бұрынғы орнына қайтарылды. Оларды Түркістанның үздік шеберлері дайындаған. Жұмыс шамамен бір жылға созылыпты.

Нұрболат Ахметжанов, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры:

– 1870 жылдары саяхатшы Кунның түсірген фото суреттерінде де дерек бар. ХХ ғасырдың басында келген саяхатшылардың кесенеге келіп түсірген фотосуреттерінен осы тайқазанның айналасына аттың қылымен 10 лауха орналастырылғанын көруге болады. Ясауи бабамыздың қабірханасындағы кіреберіс есіктің басында үлкен лауха тұр. Оны кезінде Әмір Темір бабамыз Ясауи кесенесіне арнайы жасатып, сыйға тартқан екен.

Хабар 24 телеарнасы