420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда Абайға арналған ақындар айтысы өтті

  • 158
  • UPD: 00:12, 24.11.2020
Атырауда Абайға арналған ақындар айтысы өтті

Атырауда ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Қалың елім, қазағым...» атты республикалық ақындар айтысы мәреге жетті.

Екі күнге созылған сөз сайысына Қазақстан және КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов бастаған ұлт зиялылары қазылық етті. Дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірлерінен 24 ақын келіп бақ сынады. Қазылардың шешімімен бас жүлдені елордалық ақын Рауан Қайдаров иеленіп, 1,5 млн теңгені жеңіп алды. Ал бірінші орынды елордадан келген Еркебұлан Қайназаров қанжығасына байласа, екінші орынды семейлік Рүстем Қайыртайұлы мен атыраулық Шалқарбай Ізбасаров еншіледі. Үшінші орын елордалық Әсем Ережеқызы, қызылордалық Нұрмат Мансұров пен тараздық Алтынкүл Қасымбековаға бұйырды.

Рауан Қайдаров, айтыскер:

– Бүгінгі додаға қатысқан ақындардың әрқайсысы үлкен өнер көрсетті деп ойлаймын. Өйткені қазақтың сахнаға шығып өнер көрестуінің өзін өнер санаймын. Барлық ақынды, жүлдегерлерді, жеңімпаздарды марапаттарымен құттықтаймын. Атырау халқына, ұйымдастырушы Атырау әкімдігіне зор алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да осындай аламандар жалғасын тауып, жүйелі түрде жүре берсін деп тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы