425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық мүсінші-гиперреалист Абай Құнанбаевтың мүсінін жасады

  • 359
  • UPD: 13:01, 24.11.2020
Қазақстандық мүсінші-гиперреалист Абай Құнанбаевтың мүсінін жасады

Абай Құнанбаевтың мүсінін мүсінші-гиперреалист, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Айдос Есмағамбетов ұлы ақынның 175 жылдығына арнап жасаған.

«Маған ешкім гиперреализм бағытын үйреткен жоқ. Мен оны 2010 жылы бастадым. Шетелде өнердің қалай дамитынын көргенде біздің өнер неге артта қалуы керек? Мен де оқимын, ізденемін, жасаймын деп шештім. Содан бері осы бағытта қызығушылық танытып, жұмыс істей бастадым. Бұл үшін интернет маған көп көмектесті. Төрт ай бойы тарихи тұлға Абайды жасаумен айналыстым. Шапаны мен барлық киімдерін тігінші-реставраторларға тапсырыс бойынша тіктірдім», - деді мүсінші Айдос Есмағамбетов.

Мүсінші қазақ ойшылының бейнесін силиконнан жасаған, өйткені бұл материал балауызға қарағанда шектен тыс және тез өзгеретін температурада өз қасиетін сақтайды.

«Абай Құнанбаевтың мүсіні ұлы ойшыл және ақынның 175 жылдығына орай «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында жасалған. Бұл жобаның басты мақсаты – біздің жастарға, қоғамда, шетелде ұлы есімдерімізді кеңінен дәріптеу», - деді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры Ақерке Жұманбаева.

Сондай-ақ мүсінші Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің, Барак Обама, Сағадат Нұрмағамбетов, Абылай хан және басқа да тұлғалардың мүсінін жасаған.

Хабар 24 телеарнасы