419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бейжіңде Абай мен Әл-Фараби бейнеленген суреттер жарық көрді

  • 123
  • UPD: 15:59, 24.11.2020

Оны кезінде дипломат болып жұмыс істеген Фэн Ишу салған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл еңбегінде ол Қытайдың дәстүрлі сурет өнерін сол ғасыр мен өңірдің ерекшеліктерімен үйлестірді. Суретші тарихи шындықтан ауытқысы келген жоқ. Сондықтан бірнеше ай бойы Абай мен Әл-Фарабидің шығармашылығын зерттеп, олар туралы кітаптар оқып, фильмдер көрген. Бұл тұлғалар жөнінде қытай тілінде әдебиет аз болғандықтан, қиын болды дейді суретші. Орыс тілін білуі көмек болды. Фэн Ишу алғаш рет Абай шығармашылығымен 2004 жылы танысты. Сол кезде Қазақстанда жұмыс істеген дипломатқа Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» кітабын сыйға тартқан еді.

Фэн Ишу, суретші:

– Ұлы қазақ қайраткерлерінің даралығы мен өмірбаяндарындағы негізгі тұстарын көрсете алдым деп үміттенемін. Осы суреттер арқылы қазақ халқы мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесін көрсеткім келді. Абай мен Әл-Фараби іліміне терең бойлау үшін көп еңбек ету қажет. Сондықтан өз туындыларым арқылы Қытай жастарын осы ұлы тұлғалардың шығармашылығын зерттеуге ынталандырғым келеді.

Хабар 24 телеарнасы