419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Әлқисса» күйін орыс халық аспаптары ансамблі орындады

  • 238
  • UPD: 10:02, 25.11.2020
«Әлқисса» күйін орыс халық аспаптары ансамблі орындады

«Березка» хореографиялық ансамблі оркестрі қазақтың әйгілі «Әлқисса» күйінің каверін жасап, орыс халық аспаптарында орындады, деп хабарлады dimashnews.com.

«Әлқисса» – қазақ композиторы Нұрғиса Тілендиевтің аты аңызға айналған күйі. Оның жаңа интерпретациясын жазу идеясы оркестр әртісі Светлана Закунованыкі. Бұл ой Димаш Құдайбергеновтің Мәскеуге келуіне орай туындаған.

«Бастапқыда күй 2019 жылдың 19 наурызында Димашты әуежайда қарсы алған кезде орынду үшін дайындалды. Алайда «Березка» әртістері әуежайда тек «Мәскеу маңындағы кештер» мен «Калинканы» орындады. Өйткені жанкүйерлер көп болды. Сол үшін Димашты кешіктіргісі келмеді. Сөйтіп, «Әлқисса» кейінге шегеріліп, тағы да өңделіп жарық көрді», - дейді Светлана.

«Әлқиссаны» Димаштың және басқа да музыканттардың орындауында бірнеше рет тыңдаған соң Светланаға қазақ композициясына кавер жасау идеясы келген. Оған күйдің ерекше әдемі дыбысталуы қатты ұнайды.

«Біз топпен бірге жиналып, композицияны тыңдадық, оны аспаптар арасында партияларға бөлдік. Әрине, олар бұл процесте өздерінің ойларын айтып, үлес қосты. Қиын жаттығулардан кейін біз қалаған нәтижеге қолжеткіздік, содан кейін оны жазуды бастадық», – деді Светлана.

«Березка» МАХА оркестрі 1959 жылдың басында кеңестік балетмейстер және хореограф Надежда Сергеевна Надеждинаның бастамасымен құрылған. Бұған дейін хореографиялық ансамбльде тек 4 баяншы болған. Қазір оркестр ауқымы кеңейіп, онда 13 музыкант және 2 вокалист бар.

Светлана Закунованың өзі 2007 жылдан бастап «Березка» ансамблінің мүшесі. Кәсіби түрде кіші және альто домрада, сондай-ақ мандолинде ойнайды. Ол 2 жылдан бері Димаштың шығармашылығымен таныс. Қазақстандық әншіні қытайдағы «I’m Singer» байқауында алғаш рет естіген. Димаштың Еуразиялық фан-клубының және Moscow Dear-ларының мүшесі.

Хабар 24 телеарнасы